13:55, 29 наурыз 2026
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен қақтығыстан кейінгі келесі мақсаты Куба болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС хабарлауынша, Ақ үй басшысы АҚШ-тың Кубаға қатысты нақты жоспарын айтпады.
«Мықты қарулы күштер құрдым. Оларды пайдалану қажет болмайды деп айттым, бірақ кейде қолдануға тура келеді. Айтпақшы, келесі мақсат – Куба», – деді ол Майамиде өткен инвестициялық форумда сөйлеген сөзінде.
Еске салайық, бұған дейін Трамп Иранмен қақтығысты «соғыс» деп атаудан бас тартқан еді.






Leave a Reply