Қазақстан жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды


АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің команда әйелдер арасындағы 3 000 метрлік эстафетада қола медаль иеленді.

А финалында ел намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұқан және Анастасия Галечина қорғады.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары алса, күміс медаль Қытай құрамасына бұйырды.