Қылыштасудан Франциядағы Гран-при турнирі: ұлттық құраманың тізімі


22:15, 4 желтоқсан 2025

Орлеан (Франция) қаласында қылыштасудан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік сынға Қазақстан құрамасынан жеті спортшы қатысады.

Құрамда Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Назарбай Саттархан және Жанат Нәбиев бар.