«Астана «борандатып» жатыр». Елордалық төтеншеліктер мәлімдеме жасады


21:58, 10 наурыз 2025

Астана қаласында 11 наурызда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Осыған байланысты құтқарушылар үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел мен бұрқасын кезінде жарақат алмас үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды:

  • «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде, оған дұрыстап ден қойыңыз;
  • ауа райы жағдайы мен жолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты елеусіз қалдырмаңыз;
  • дауылды ескерту жарияланған кезде, әсіресе қараңғы уақытта ұзақ сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар;
  • қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;
  • жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
  • көшеде абай болыңыз. Боран мен бұрқасын айналаны көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ-киім киіңіз;
  • жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту желісі дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
  • Көшеде ұзақ тұрмаңыз, аяз бен үсік шалу қаупі жоғары.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» және «112» нөміріне хабарласыңыздар!

Бұған дейін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатқанын жазғанбыз.