СҚО-да Есіл өзенінің тасу ықтималдылығына байланысты шаралар қабылдануда


21:44, 10 наурыз 2025

Қызылжар ауданының Бескөл және жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.

«Жұмыстар аясында 1900 дана қапшықтар дайындалып, 180 метр полипропилен төсеніші салынды. Барлық іс-шаралар елдімекендерді Есіл өзенінің тасқын сулары басуынан қорғауға бағытталған. Жұмыс жалғасуда», делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатқанын жазғанбыз.