18:06, 22 қаңтар 2026
2026 жылғы 22 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593-шақырым аралығы (Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы).
Жетісу облысы
- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 718 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.






Leave a Reply