Қазақстанда ауа райына байланысты қай жолдар жабық тұр


18:06, 22 қаңтар 2026

2026 жылғы 22 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593-шақырым аралығы (Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы).

Түркістан облысы

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654-шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат ауылы).

Жетісу облысы

  • «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 718 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.