Астанада 15 қаңтарда бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды


18:45, 14 қаңтар 2026

Синоптиктер ертең, 15 қаңтарда Астанада күн аяздап, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты елордалық білім басқармасы оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 15 қаңтарда бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», деп хабарлады елордалық білім басқармасы.

Айта кетсек, «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, 15 қаңтарда Астанада күн суытып, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Сынап бағаны түнде -25…-27°С, күндіз -18…-20°С аязды көрсетеді.