15:05, 7 қаңтар 2026
Гонконгта рапирамен семсерлесуден әйелдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының намысын бір ғана спортшы қорғайды.
Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін София Актаева сынға түседі.
Айта кетейік, семсерлесуші жыл басында БАӘ-де өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болған еді.
Гонконгтағы Әлем кубогының кезеңі 9-10 қаңтар аралығында өтеді.






Leave a Reply