Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы футзал матчында жаппай төбелес болды


16:30, 11 қаңтар 2026

Қазақстандық жасөспірім футзал командалары жаппай төбелесті. Оқиға Қостанай облысындағы Рудный қаласында өткен турнир кезінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төбелес Рудныйда өткен балалар командалары арасындағы футзал турнирінде болған.

Futsalkazakhstan паблигінің мәліметінше, жанжал Қазақстан чемпионатының U-15 жас санатындағы «Бәйтерек» (Орал) пен «БЖСМ-2» (Жаңаөзен) командалары арасындағы матч кезінде шыққан.