16:00, 11 қаңтар 2026
«Қазгидромет» 2026 жылғы 12 қаңтарға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түседі.
«Батыс циклондары және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран мен көктайғақ әкеледі», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түркістан облысында түнде жауын-шашын мол түседі (жаңбыр, қар), ал күндіз елдің шығысында қалың қар жауады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.






Leave a Reply