14:42, 16 желтоқсан 2025
Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Дибровтың бұрынғы жұбайы әйелдер клубының жаңа жылдық кешінде миллиардер Роман Товстикпен бірге көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға Полина Диброва еденге дейін жететін сәнді күміс түсті көйлек киіп келсе, ал оның серігі образ таңдауда аса мән бермегендей әсер қалдырды.
Сурет: Instagram/starhit.ru
Дмитрий мен Полина Дибровтар 2025 жылдың 25 қыркүйегінде 16 жылдық некеден кейін ресми түрде ажырасқан болатын.
Бұған дейін Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болғанын жазғанбыз.






Leave a Reply