Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті


14:30, 16 желтоқсан 2025

ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Ақорда мәлімдеді.

«Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті»,- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.

Бұған дейін мемлекет басшысының Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтағанын жазғанбыз.