нәзік жанды майысқан көлік ішінде қалып қойған


11:03, 8 желтоқсан 2025

2025 жылғы 7 желтоқсанда Ақмола облысы Бурабай ауданы Ақылбай ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, апат салдарынан екі жасөспірім және майысқан көлік құралында қысылып қалған жүргізуші әйел зардап шекті.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қатты зақымданған жүргізуші есігін ашып, зардап шеккен әйелді шығарып алды.

«Үшеуі де жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды»,- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапқанын жазғанбыз.