11:24, 8 желтоқсан 2025
Окленд іскерлік орталығындағы түсірілім кезінде тележурналист Джесс Тайсон оқыс оқиғаға тап болды. Оған күтпеген жерде құс шабуылдап, бетін жырып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Джесс Тайсон – бұрынғы Жаңа Зеландия аруы және Māori TV тілшісі. Бойжеткен оқыс оқиға алдында түсірілім жасап, оны қайталмаққа ниет білдіріп тұрған.
Күтпеген соққыдан кейін қыз көзін қолымен басып, кері қарай бұрылып кеткен. Оператор одан қан кетіп жатқанын байқап, түсірілімді тоқтатады. Тілшіге қажетті көмек көрсетілген.
Журналист оқиғаның үзіндісімен Instagram парақшасында бөлісті.






Leave a Reply