23:36, 5 желтоқсан 2025
2025 жылғы 5 желтоқсанда Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары республикалық маңызы бар тасжолында жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жолдағы қозғалысты бақылауға алып, азаматтарға қосымша қауіп төнбеуін қадағалады.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Полиция құқық бұзған азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, барынша абай болуға үндеді.






Leave a Reply