«Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды


23:30, 5 желтоқсан 2025

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауап матчында Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубымен ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен матч 5:3 есебімен аяқталды.

Алғашқы ойында (7:3) жеңіске жеткенін ескерсек, қазақстандық клуб турнирдің келесі кезеңіне сенімді түрде өтті.

Бас бапкер Даниэл Жуниордың командасы ойын барысында жоғары қарқын көрсетіп, матчты бақылауда ұстап, екі кездесудің қорытындысы бойынша 12:6 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланғанын жазған едік.