Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды


18:16, 4 наурыз 2025

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.