Павлодар облысында әйел адам жоғалып кетті


17:35, 4 наурыз 2025

Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, әйел 2025 жылы 26 ақпан күні Желтоқсан көшесі, 5 мекенжайынан шығып, белгісіз бағытта кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінге дейін оның қайда жүргені белгісіз. Байланысқа шықпайды.

Мәдина Шәріпова 1982 жылы 21 қарашада дүниеге келген

Бойы 160 см, көздері мен шашы қара.