Қазақстанда бюджеттік кредиттерді қамтамасыз етусіз бөле алатын қаржы агенттіктері анықталды


12:41, 4 наурыз 2025

Қаржы министрлігі Үкіметтің «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы» қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, тізімге енгізілді:

  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
  • «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
  • «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;
  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

Бұл ретте Үкіметтің бұрынғы қаулыларының күші жойылады.

Құжат 20 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.