12:41, 4 наурыз 2025
Қаржы министрлігі Үкіметтің «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы» қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, тізімге енгізілді:
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
- «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
- «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
Бұл ретте Үкіметтің бұрынғы қаулыларының күші жойылады.
Құжат 20 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.






Leave a Reply