«Ата жолы» картасын алу тәртібінде және қандастарды қоныс аударуда жаңалықтар


12:17, 27 қараша 2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарға қатысты кейбір бұйрықтарға түзетулер енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада келесі бағыттар бойынша нормаларды түзету қарастырылған:

  • қандас мәртебесін алуға өтініш берушілерді компрометирлейтін ақпараттың бар-жоғын тексеру тәртібін нақтылау;
  • қандастардың бейімдеу орталықтарында тұру ережелеріне өзгерістер енгізу;
  • халықты тіркеуге қатысты тармақты өзектендіру;
  • қандастарды қабылдау комиссиясының жұмысын оңтайландыру;
  • аймақтық квотаға енгізу тәртібін нақтылау;
  • ерікті қоныс аудару нормаларын түзету;
  • қазақ ұлттық тегімен байланысты анықтау тәртібін, оның ішінде өтініш беру жолдарын нақтылау;

«Ата жолы» картасын беру тәртібін, соның ішінде өтініш тапсыру және хабарламалар беру жолдарын нақтылау.

Түсіндірмеде көрсетілгендей, жобаны қабылдаудың мақсаты – нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзектендіру және кейбір бұйрық нормаларын құқықтық техника талаптарына сәйкестендіру.

Құжат көпшілік талқылауы үшін 11 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.