12:17, 27 қараша 2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарға қатысты кейбір бұйрықтарға түзетулер енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобада келесі бағыттар бойынша нормаларды түзету қарастырылған:
- қандас мәртебесін алуға өтініш берушілерді компрометирлейтін ақпараттың бар-жоғын тексеру тәртібін нақтылау;
- қандастардың бейімдеу орталықтарында тұру ережелеріне өзгерістер енгізу;
- халықты тіркеуге қатысты тармақты өзектендіру;
- қандастарды қабылдау комиссиясының жұмысын оңтайландыру;
- аймақтық квотаға енгізу тәртібін нақтылау;
- ерікті қоныс аудару нормаларын түзету;
- қазақ ұлттық тегімен байланысты анықтау тәртібін, оның ішінде өтініш беру жолдарын нақтылау;
«Ата жолы» картасын беру тәртібін, соның ішінде өтініш тапсыру және хабарламалар беру жолдарын нақтылау.
Түсіндірмеде көрсетілгендей, жобаны қабылдаудың мақсаты – нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзектендіру және кейбір бұйрық нормаларын құқықтық техника талаптарына сәйкестендіру.
Құжат көпшілік талқылауы үшін 11 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.






Leave a Reply