ЖРВИ мен тұмау өршіп, Қостанайда барлық мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді


21:12, 24 қараша 2025

25 қарашадан бастап ағымдағы аптаның соңына дейін Қостанай қаласындағы барлық мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Өңірде ЖРВИ және тұмау ауруларын жұқтыру дерегінің артуына байланысты осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шара білім беру процесіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын сақтауға бағытталған, деп жазады «Наш Костанай» газеті қала әкімдігінің білім бөліміне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, оқушылар, педагог қызметкерлер арасында да аурудың қайталанған жағдайларының артуы байқалатыны баса атап көрсетіледі.

«Осы аптаның соңында жағдай зерделенеді және эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқыту форматы туралы тағы да шешім қабылданады», — дейді құзырлы ведомстводағылар.

Қостанайдағы барлық 37 жалпы білім беретін мектеп қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сондай-ақ, білім бөлімінің баспасөз қызметі колледждердегі жағдайға қатысты мәлімет ұсынды.

Бүгінгі таңда облыста 33 ТжКБ ұйымы бар (26 — мемлекеттік және жетеуі — жекеменшік).

2025 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша 20 984 студенттің 3578-і ауруханада жатыр.

«2 колледж (Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі (30,15%), Қостанай политехникалық жоғары колледжі (30,85%) қашықтықтан оқыту форматына көшкен. 4 колледжде 17 топ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды (Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі — 4 топ; Қостанай құрылыс колледжі» — 1 топ; Қостанай жоғары педагогикалық колледжі — 2 топ; Қостанай Қазтұтынуодағы жоғары колледжі — 10 топ)», деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетсек, 2025 жылы 19 қарашада Астанада эпидахуал ушығып, санитарлық дәрігер бірқатар шектеулер енгізілгенін жариялаған болатын.