Аруна Жангелдина дзюдодан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленді


20:48, 9 қараша 2025

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Финалда Жангелдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.

Айта кетейік, Аруна осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Жангелдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын жазғанбыз.