Астана маңында ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды


16:47, 22 маусым 2025

Астана маңында салдарынан екі адам қаза тапқан, жекеменшікке тиесілі TL-2000 жеңіл моторлы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі, яғни «Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу» бойынша қолға алынды.

«Екі адам қаза тапты, ұшқыш пен жолаушы. Апаттың себептері анықталуда», деп толықтырды ведомстводан.

TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы 2025 жылғы 22 маусымда түстен кейін Астана маңында апатқа ұшырады. Бортта екі экипаж мүшесі болды, олар қаза тапты. Ұшақ Жоламан әуеайлағының ауданында оқу-жаттығу ұшуын орындап жүрген.