Дзюдошы Мәди Амангелді Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды


20:10, 9 қараша 2025

Қазақстандық дзюдошы Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

81 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Түркия өкілі Ведат Албайракымен кездескен еді.

Белдесудің қорытындысы бойынша қазақстандық балуан қарсыласына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екінші алтын медалін жеңіп алғанын хабарлаған едік.