Алматының орталығында тәулік ішіндегі екінші ірі өрт шықты: әкімшілік ғимарат жанып жатыр


19:03, 9 қараша 2025

Алматының Алмалы ауданында Төле би көшесі бойында үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында екінші дәрежелі өрт жарияланғанын хабарлады.

Сурет: Zakon.kz

Өрттің жақын тұрған нысанға таралу қаупі бар.

Сурет: Zakon.kz

«Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы құрылып, 5 оқпан берілді, үздіксіз су беру ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.

Сурет: Zakon.kz

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түсісімен оқиға орнына құтқару қызметтері жеткен. Балалар үйі әкімшілігінің айтуынша, өрт болған сәтте ғимаратта адамдар болмаған.

Кейінірек өрттің оқшауланғаны хабарланды.