Астанадағы автобустардың бірі Рамазан айында Бас мешітке кірмейді


13:49, 1 наурыз 2025

Астана тұрғындары мен қонақтарына қаладағы автобустардың бірінің қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, №43 бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

«Рамазан айы бойы бағдар Бас мешітке кірмей, Хусейн бен Талал көшесімен тура жүреді», — делінген хабарламада.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Компания тұрғындарға сапарын алдын ала жоспарлауды ескертті.