13:49, 1 наурыз 2025
Астана тұрғындары мен қонақтарына қаладағы автобустардың бірінің қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, №43 бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
«Рамазан айы бойы бағдар Бас мешітке кірмей, Хусейн бен Талал көшесімен тура жүреді», — делінген хабарламада.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.
Компания тұрғындарға сапарын алдын ала жоспарлауды ескертті.






Leave a Reply