Әділжан Жаудинов жасөспірімдер Азиадасының күміс жүлдегері атанды


20:39, 30 қазан 2025

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдо жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы болып Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) финалда өнер көрсетті.

Алтын жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Алибек Дурдиевке есе жіберді.