Путин генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады


17:33, 18 шілде 2025

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің директоры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Федерациясы президентінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 284-рп «Марапаттау туралы» өкімінің толық нұсқасы «Құқықтық актілердің ресми жарияланымы» сайтында жарияланды.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан еңбегі үшін Байқадамова Алуа Бақытжанқызына Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасы табысталсын», — делінген құжатта.

Сурет: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі

2025 жылғы 9 мамырда Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.