Еркін күрес шебері Сабыржан Рахатов жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды


20:48, 29 қазан 2025

Қазақстандық еркін күрес шебері Сабыржан Рахатов Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 48 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сабыржан қола жүлде үшін өткен белдесуде Таиланд өкілі Варат Фангсаймен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 10-0 есебімен жеңіске жетті.