Дзюдошы Әдия Жанахмет жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды


20:39, 29 қазан 2025

Қазақстандық дзюдошы Әдия Жанахмет Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жанахмет Үндістан өкілі Никитадан басым түсіп, жасөспірімдер Азидасының қола жүлдегері атанды.