09:04, 13 қазан 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 13 қазанда Данияр Сарекеновті Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды:
«Мемлекет басшысының жарлығымен Сарекенов Данияр Қабидоллаұлы Словения Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент өкімімен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Бұл лауазымға Ержан Ашықбаев тағайындалды.






Leave a Reply