11:52, 26 қыркүйек 2025
25 қыркүйекте Украина президентінің жұбайы Елена Зеленская өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамппен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Мелания Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте Елена Зеленскаямен жеке екіжақты кездесу өткізу туралы ұсыныстан бас тартқан болатын. Сол себепті форумның ашылу күні Зеленскаяны тек ресми түрде қарсы алғаны ғана айтылған. Бұл туралы Мелания Трамптың баспасөз хатшысы мәлімдеді.
First Lady Melania Trump’s spokesman confirms that Mrs. Trump met with Mrs. Zelenska, wife of Ukrainian President Volodymyr Zelenskyy.
However, it doesn’t seem it was a bilateral meeting, but brief encounter at an event on sidelines of UN General Assembly. pic.twitter.com/dmD5NCea5t
— Kristopher Rivera (@kgrivera) September 24, 2025
Сурет сипаттамасында Елена Зеленская Мелания Трамппен мұқтаж балаларға көмек көрсету бағытындағы ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Ол балалық шақты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
Сурет: Telegram/Olena Zelenska
Бұған дейін Ердоғанның суреті Нью-Йорктің қақ төріне ілінгенін жазғанбыз.






Leave a Reply