Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді


18:21, 23 қыркүйек 2025

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 23 қыркүйекте хабарлады.

Президенттің сөзі 24kz, Jibek Joly арналарынан және Ақорда әлеуметтік желілердегі парақшаларынан Астана уақытымен сағат 21:30 шамасында тікелей эфирде көрсетіледі.