Қазақстанда жүйеқұраушы кәсіпорындардың жаңартылған тізімі жария етілді


10:50, 22 қыркүйек 2025

Zakon.kz хабарлауынша, 2025 жылғы 11 қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен жүйеқұраушы кәсіпорындардың тізімі бекітілді.

Жалпы елдің барлық өңірінен 101 кәсіпорын енгізілді. Олардың ішінде:

Астанада:

  • «Тау-Кен Алтын» ЖШС
  • «Кока-кола Алматы боттлерс» бірлескен кәсіпорны ЖШС филиалы
  • «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ
  • «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС
  • «Транспортейшн Глоубель ЭЛ-ЭЛ-СИ» компаниясының ҚР филиалы

Алматыда:

  • «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС
  • «Лотте Рахат» АҚ
  • «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ
  • «Hyundai Trans Auto» ЖШС

Шымкентте:

  • «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС
  • «Химфарм» АҚ
  • «Стандарт цемент» ЖШС
  • «Qazalpack» ЖШС

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін әрекет еткен жүйеқұраушы кәсіпорындардың тізімі жойылды. Ол тізімде 350-ден астам ұйым болған. Оның ішінде тау-кен, құрылыс, сауда және коммуналдық кәсіпорындар да бар еді.

Еске сала кетейік, жүйеқұраушы кәсіпорындарға өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жиынтық өндіріс көлемінің 3%-дан асатын кәсіпорындар жатады.