Астанада үш қиылыс уақытша жөндеуге жабылады


Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы үш жолайрықта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жолдар кезең-кезеңімен толықтай жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарына байланысты келесі қиылыстарда қозғалыс уақытша шектеледі:

  • Абылай хан даңғылы / Манас көшесі: 9 мамыр сағат 21:00-ден 10 мамыр сағат 07:00-ге дейін;
  • Абылай хан даңғылы / Б. Майлин көшесі: 10 мамыр сағат 21:00-ден 11 мамыр сағат 07:00-ге дейін;
  • Абылай хан даңғылы / И. Жансүгіров көшесі: 11 мамыр сағат 21:00-ден 12 мамыр сағат 07:00-ге дейін.

Сурет: Астана әкімдігінің сайты

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы мүмкін өзгерістерді ескерулерін сұраймыз», — деп хабарлады Астана әкімдігі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.