15:35, 23 ақпан 2025
Павлодарда кең көлемде іздеу шараларын ұйымдастыруға негізген болған жоғалған кәсіпкер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
«Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде». Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Павлодар облысында көшеде қаптап кеткен жасақтар көпті таң қалдырғанын жазғанбыз. Кейіннен белгілі болғандай, олар жоғалған адамды іздеуге жұмылдырылған болып шықты.






Leave a Reply