10:36, 23 ақпан 2025
Әлеуметтік желіде қарлы ауа райына қарамастан Павлодар облысында көшеде пайда болған бір топ іздеу жасақтарының видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram қолданушылары бір адамды іздеуге осынша адамның жұмылдырылғанына таң.
Бүгіндері хабар-ошарсыз кеткен адамның кім екенін білу үшін Zakon.kz Павлодар облысының полиция департаментіне жүгінді.
Сөйтіп редакциямыз жоғалған адамның бағыт-бағдары туралы ақпаратқа қол жеткізді. Бұл арада 1972 жылы туылған, кәсіпкер Нұрмағамбетов Асылан туралы сөз болып отыр екен.
Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін мемлекетаралық іздеудегі Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанда ұсталғаны хабарланған.






Leave a Reply