18:53, 9 қыркүйек 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылы 9 қыркүйекте хабарлады:
«Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді».
9 қыркүйекте Қатар астанасы Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды. Израиль армиясы ХАМАС тобының жоғарғы басшылығына «тікелей соққы» жүргізгендерін растады. ЦАХАЛ мәлімдемесінде операцияның мақсаты 2023 жылдың 7 қазандағы шабуылға жауапты, Израильге қарсы іс-қимылдарды әлі де басқарушы адамдар болғандығы айтылады. Қатар ІІМ-нің ресми өкілі Израильдың бұл шабуылын айыптайтынын, әрі оны «қорқақтыққа» балайтынын айтты.






Leave a Reply