бір аптаға арналған ауа райы болжамы


17:56, 5 қыркүйек 2025

Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы күндерге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК-ның деректеріне сәйкес, оңтүстік астанада демалыс күндері жылы болғанымен, келесі аптада жауын-шашын болып, ауа температурасы күрт төмендеуі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, бір апта ішінде, яғни 6-12 қыркүйек аралығында жауын-шашынды күндер болады деп болжанады.

«Алдағы үш күнде Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде ауа температурасы 15-тен 19 градусқа дейін аздап көтеріледі деп күтіледі, ал күндізгі уақытта сынап бағаны мына межені көрсетеді: +31…+33°С. Бірақ одан кейінгі күндері орталығы Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан циклонның шығыс бағытқа және соған байланысты атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты мегаполисте жаңбыр жауады деп болжанады». Дәулет Кісебаев

Сондай-ақ, маман қалада екпінді желмен қатар найзағай ойнауы мүмкін екенін айтады. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде сынап бағаны +17…+19 градустан +11…+13 градусқа дейін, ал күндіз +29…+31 градустан +21…+23 градусқа дейін түседі.

  • 6 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +31…+33°C.
  • 7 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +17…+19°C, күндіз: +31…+33°C.
  • 8 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +17…+19°C, күндіз: +29…+31°C.
  • 9 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +15…+17°C, күндіз: +27…+29°C.
  • 10 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 3-8 м/с, кей тұста — 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +25…+27°C.
  • 11 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +23…+25°C.
  • 12 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +11…+13°C, күндіз: +21…+23°C.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.