«Қайрат» «Реал Мадридке» қарсы матч билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады


10:17, 31 тамыз 2025

«Қайрат» футбол клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билет сату жөнінде ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубта әлеуметтік желілерде тараған «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билет сату немесе брондау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары», — делінген мәлімдемеде.

Клуб өкілдері қазіргі таңда билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілмеген ескертті.

Қазақстандықтарға бейресми хабарламаларға сенбеуді және билеттерді ресми емес арналар арқылы сатып алмауды қатаң ескертеді.