Атырауда автобус жүргізушісі баланы қағып өлтірді


10:45, 31 тамыз 2025

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты. Оқиға 30 тамыз күні сағат 13:30-да Тасқала ауылындағы Орталық көшеде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

mgorod.kz порталының дерегінше, Атырау облыстық полиция департаменті Toyota Coaster маркалы автобустың жүргізушісі «Мектеп» аялдамасының маңында жолды кесіп өтпек болған 10 жастағы баланы қағып кеткенін мәлімдеді.

Ауыр жарақат алған бала ауруханаға барар жолда көз жұмды. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.