11:27, 13 тамыз 2025
Әуезов ауданының полицейлері «Кар Сити» сауда орталығы аумағында жергілікті рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейд барысында анықталды:
- рұқсат етілмеген сауда жасау,
- азаматтарға тиісіп мазасын алу,
- жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету станцияларында темекі шегу,
- қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерлерде сақтау деректері.
«Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктер ішу және ұсақ бұзақылық әрекеттерінің жолы кесілді.Әкімшілік жауапкершілікке 38 адам тартылды. Полицияға жедел есепке алынған 39 адам жеткізілді, олардың арасында төртеуі — шетел азаматтары, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар»,- деп мәлімдеді ведомство.
Сондай-ақ, көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерлерге қойып кеткені үшін 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 9 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Ведомство рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатынын да қоса айтты.
Бұған дейін Санкт-Петербургте ТМД елдерінің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өткендігін жазғанбыз.






Leave a Reply