Алматыда полиция «Кар Сити» автоорталығына аумағында бақылауды күшейтті


11:27, 13 тамыз 2025

Әуезов ауданының полицейлері «Кар Сити» сауда орталығы аумағында жергілікті рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейд барысында анықталды:

  • рұқсат етілмеген сауда жасау,
  • азаматтарға тиісіп мазасын алу,
  • жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету станцияларында темекі шегу,
  • қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерлерде сақтау деректері.

«Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктер ішу және ұсақ бұзақылық әрекеттерінің жолы кесілді.Әкімшілік жауапкершілікке 38 адам тартылды. Полицияға жедел есепке алынған 39 адам жеткізілді, олардың арасында төртеуі — шетел азаматтары, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар»,- деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерлерге қойып кеткені үшін 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 9 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ведомство рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатынын да қоса айтты.

Бұған дейін Санкт-Петербургте ТМД елдерінің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өткендігін жазғанбыз.