Астанада Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі.
«Осыған байланысты 3-25 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Бұған дейін Алматыда Айманов көшесінің бір бөлігі 4 тамызға дейін жабылатыны хабарланған.






Leave a Reply