Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі тамыз айының соңына дейін жабылады


Астанада Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі.

«Осыған байланысты 3-25 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Жол жабылады, Астана, Арыс көпірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 15:03

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Алматыда Айманов көшесінің бір бөлігі 4 тамызға дейін жабылатыны хабарланған.