Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, көлік саласын дамытуға, еліміздің көлік инфрақұрылымын құру мен жаңғыртуға қосқан зор үлесі үшін Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттауды ұйғарды:
II дәрежелі «Барыс» орденімен
- Қазанов Жанболат Байрахметұлы – «ОблШығысЖол» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы;
III дәрежелі «Барыс» орденімен
- Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы – Көлік министрі;
«Парасат» орденімен
- Сақтағанов Мақсат Әбдірұлы – «Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы» одақ нысанындағы ЗТБ (ҚазАТО) президенті, Алматы қаласы;
«Құрмет» орденімен
- Алдыбергенов Талғат Сағиұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
- Аристов Сергей Викторович – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы «Ғибадат Мусалимов» теплоходының аға моторшысы, Павлодар облысы
- Атабеков Қалдарбек Сапарбекұлы – «Түркістан аймақтық автотасымалдаушылар мен автовокзалдар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, Шымкент қаласы
- Әбілбекова Шолпан Ақылбекқызы – «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС бағыт басшысы, Астана қаласы
- Глухов Юрий Васильевич – «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының диспетчері-нұсқаушысы
- Жұмағұлов Серік Мұсабекұлы – «КАЖсервис» ЖШС Жетісу облыстық филиалының машинисі
- Кузнецов Виктор Николаевич – «SCAT» әуе компаниясы» АҚ нұсқаушысы, Астана қаласы
- Қайыпов Дархан – «Южавтотранс» қауымдастық нысанындағы ЗТБ төрағасы, Шымкент қаласы
- Наурызбаев Асылбек Қобланұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Маңғыстау бөлімшесі» филиалы Маңғыстау пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі
- Сағынаева Алла Ержалқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ менеджері
- Сатыбалдин Бауыржан Талғатбекұлы – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының «Бриз» кемесі капитанының екінші көмекшісі
- Сижанов Әлімбай Латипбайұлы – «КАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қарабұтақ кентіндегі жол жұмысшысы
- Смолина Александра Александровна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызмет басшысы – департамент директоры
- Тайбеков Эрлан Мыңбайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ-Алматы бөлімшесі» филиалы Үштөбе станциясының вагон қараушысы-жөндеушісі
- Шалқаров Әбдіәшім – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкері, Алматы облысы
- Шәкенов Марат Арапбекұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ департамент директоры
- Шымыров Ерік Сайлауұлы – еңбек ардагері, Тараз қаласы
- Юсупов Қайрат Төлепқалиұлы – «Атыраукөлік» ЖШС директоры, Атырау қаласы;
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
- Амитов Аманкелді Сматұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қазалы жол дистанциясының жол шебері
- Ебосынов Әскербай Теңелбайұлы – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ докер-механизаторы
- Рахимов Талғат Кәкішұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Жаңаарқа пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі
- Сапагов Тілек Рамазанұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Аягөз сигнализация және байланыс дистанциясының электрмеханигі, Абай облысы
- Чинпулатова Сайёра Каримджановна – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалы Өскемен-1 станциясының жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы, Өскемен қаласы
- Якубовский Владимир Семенович – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жаңаесіл сигнализация және байланыс дистанциясының автокөлік жүргізушісі, Солтүстік Қазақстан облысы;
«Ерлігі үшін» медалімен
- Арыстанғалиев Әділбек Мерзажанұлы – «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Атырау филиалы Атырау станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Анпилов Алексей Михайлович – «Capital road construction» ЖШС директоры, Астана қаласы
- Балицкий Виктор Юрьевич – «Эйр Астана» АҚ нұсқаушысы, Алматы қаласы
- Болатбаев Оралбек Ержігітұлы – «Caspian Trans Corporation» ЖШС көлік жүргізушісі, Маңғыстау облысы
- Жұбаев Абай Қадырұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Ақтөбе бөлімшесі» филиалы Орал станциясының орталықтандыру бекетінің операторы, Орал қаласы
- Қантәжиев Жұмағали Жұмабайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалы Түркістан пайдалану локомотив депосының кезекшісі
- Қонысов Алмас Нәбиұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс сигнализация және байланыс дистанциясының учаске бастығы, Түркістан облысы
- Мавланов Инагамжан Махаметалиевич – «Аэропорт Шымкент» АҚ көлік жүргізушісі
- Омаров Мұрат Иманбайұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы Шу пайдалану локомотив депосының электровоз машинисі
- Омарова Гүлнәр Құрмашқызы – «City Transportation Systems» ЖШС операторы, Астана қаласы
- Орымбеков Бекболат Оспанұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының бөлім бастығы, Қызылорда қаласы
- Пірманова Нұрзейнеп Жаңабекқызы – «Шымкент әуежайы» АҚ ұшу аппараттарын жуушысы
- Сүлейменов Айтқожа Назарұлы – «КАЖсервис» ЖШС филиалының бас инженері, Ақмола облысы
- Тұрлыбеков Мұхтарбек Шекербекұлы – «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ аға авиациялық инспекторы, Астана қаласы
- Тілембеков Ержан Социалұлы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалы Екібастұз пайдалану вагон депосының вагондарды қабылдаушысы
- Шәріпханова Гүлжанат Сләшқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Алматы жол дистанциясының диспетчері, Алматы облысы
- Щёголев Сергей Геннадьевич – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Павлодар бөлімшесі» филиалы Екібастұз пайдалану локомотив депосының Ерейментау станциясы бойынша электровоз машинисі, Ақмола облысы;
«Шапағат» медалімен
- Амельянова Вера Ивановна – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы Ақтөбе учаскесінің жолсерігі
- Әшімов Шәмкен Ыбыкенұлы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалы Қарағанды учаскесінің жолсерігі
- Сәдуақасов Марат Сәулебекұлы – «Темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы, Павлодар облысы;
«Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін
- Аверкин Владимир Васильевич – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы Бұқтырма шлюзінің «Тайфун» сүңгуір станциясының капитаны-жоғары санатты механигі
- Горват Андрей Михайлович – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры
- Исинаманов Борис Александрұлы – «Dosjan temir joly» АҚ президентінің кеңесшiсi, Астана қаласы
- Шаймин Қанат Әкежанұлы – «ҚАЖсервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі, Қарағанды қаласы.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ал Ақорданың Telegram арнасы марапат иелерінің суреттерін жариялады.






Leave a Reply